mcmxtr

March 17, 2018

2018 жылдың 16 наурызында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Түркияның ұлттық әнұранының қабылдануы мен Мехмет Акиф Эрсойды еске алу аптасы және 18 наурыз Чанаккале теңіз жеңісі мен шейіттерді еске алу шарасы өтті.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Еуразия ғылыми-зерттеу институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетімен бірлесіп
February 5, 2018

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Рысалды Құсайын Тынысбайұлымен сұхбат

1940 Алматы облысы Сарқан ауданы Алғабас  колхозында туып, 1958 жылы Бақалы орта мектебін,  кейін Алматы шетел тілдер педагогикалық институтын үздік бітірдім.
December 28, 2017

2017 жылдың 28 желтоқсанында Мугла университетінің оқытушылары профессор, доктор Али Акар және доцент, доктор Кенан Коч Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Профессор, доктор Али Акар және доцент, доктор Кенан Кочтың Алматыға сапары аясында Институтымызда «Түрік тілінің тарихы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған кездесу Акар мен Кочтың сөз сөйлеуімен жалғасты.
December 26, 2017

26.12.2017ж. Түркия Парламентінің депутаты Метин Гүндоғду мырза мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

2017 жылдың 26 желтоқсанында Түркия Парламентінің депутаты Метин Гүндоғду мырза мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза институтымызда болып қайтты. Кездесу барысында институтымыздың қызметкерлерімен танысып, жиналыс өткізді.
December 21, 2017

21.12.2017ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты Қазақстан тәуелсіздігінің 26-шы жылдығына орай «Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары: өткені, бүгіні және болашағы» атты панельді өткізді.

Панельді пікірталаста Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26-шы жылдығында Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары тарих, әдебиет, білім беру және сыртқы саясат тұрғысынан қарастырылып, әр түрлі пікірлер айтылды.
December 14, 2017

2017 жылғы 14 желтоқсанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері ф.ғ.д., профессор Гүлнар Надирова «Американдық дереккөздердегі саяси исламның дамуындағы кейбір үрдістер» атты семинар өткізді.

Ф.ғ.д., профессор Гүлнар Надирова «Американдық дереккөздердегі саяси исламның дамуындағы кейбір үрдістер» атты тақырыпта семинар өткізді.
December 7, 2017

2017 жылдың 7 желтоқсанында КИМЭП Университеті Мемлекеттік басқару кафед-расының доценті, доктор Нұрсейіт Ниязбеков «Қазақстанның әлеуметтік капиталын жетілдіру мәселелері» атты семинар өткізді.

Доктор Нұрсейіт Ниязбеков семинарында әлеуметтік капиталға қатысты зерттеулер жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Бұл зерттеулер арасында әлеуметтік капитал терминін алғаш рет қолданған доктор Роберт Патнэмның түрлі еңбектері жайлы айтып өтті.
November 30, 2017

2017 жылдың 30 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Қытайдың сыртқы саясатындағы Орталық Азия» атты семинар өткізді.

Өмірбек Қанай өз семинарында Орталық Азия аймағының Қытай үшін геостратегиялық және геосаяси маңызын зерттеп, Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының қазіргі ахуалы, Қытай мен Орталық Азияның сауда-экономикалық қатынастары және Қытайдың Орталық Азияда жұмсақ күшке негізделген саясаты жөнінде түрлі ақпарат берді.
October 23, 2017

2017 жылдың 18-22 қыркүйек күндері Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері 33-ші Deutscher Orientalistentag «Азия, Африка және Еуропа» халықаралық конференциясына қатысты.

Германияның Йена қаласында биыл отыз үшінші рет өткізілген және төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Deutscher Orientalistentag конференциясының басты тақырыбы «Азия, Африка және Еуропа» болды. Конференция шеңберінде өткен 97 отырысқа 900-ге жуық ғалым қатысты.
September 22, 2017

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әбілқайыр Жүнісбек «Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияның перспективалары мен мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Аймақтық интеграция географиялық жақындық, экономикалық біртұтастық және ұқсастық, сондай-ақ мәдени-идеологиялық қарым-қатынас сияқты бірнеше шарттарға негізделеді. Бұл саяси жүйелерді, келіссөз процестерін және әлеуметтік құрылымды жеңілдетеді.