mcmxtr

September 27, 2019

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Әзірбайжан Республикасы Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды.

Әзірбайжан Республикасы Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері Анар Расулов, Теймур Атаев Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
October 1, 2019

2019 жылдың 1 қазанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Еуразияның көлік торабы ретінде Орталық Азия» атты тақырыпта семинар өткізді.

Әсет Ордабаев семинарында Орталық Азияны көлік және транзит торабына айналдырудың мүмкіндіктері мен кедергілері туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл мәселені ішкі және сыртқы тұрғыдан қарастыру қажеттігін атап өткен Ордабаев екі факторға жеке-жеке тоқталды.
October 9, 2019

Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК,  Атырау облысы әкімдігі, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақаласы аясында «Жошы ұлысы және Сарайшық - Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды. Конференция 2019 жылы 9-11 қазан күндері Атырау қаласында өтеді
October 16, 2019

«Украина тұрғысынан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың перспективалары мен қауіптері

2019 жылғы 16 қазанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Киевтегі Армия, конверсия және қарусыздану мәселелерін зерттеу орталығының Азия-Тынық мұхиты бөлімінің жетекшісі Юрий Пойта «Украина тұрғысынан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың перспективалары мен қауіптері» атты тақырыпта семинар өткізді.
October 23, 2019

Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік

Ғылыми әдебиет беттерінде Жошының ұлысын «Алтын Орда» деп атау қалыптасқан. Алтын Орда уақытында қала құрылыс және архитектура, сауда-экономикалық қатынас, саяси-әлеуметтік институттар қарқынды дамыды. Бұл үдерістер Қазақстан аумағын да қамтыды. 1269 жылғы Талас құрылтайының нәтижесінде Алтын Орданың империялық орталықтан толықтай тәуелсіздігі мойындалып, ағымдағы жылы аталған орданың негізі қаланғанына 750 жыл толып отыр.
November 8, 2019

2019 жылдың 8 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары доктор Суат Бейлур «Қазақстанда дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Доктор Суат Бейлур 1991-2017 жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын «Әлеуметтік өзгеріс үдерісінде Қазақстанда дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы» атты баяндамасында тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі дін мен мемлекеттің ара-қатынасын зерттеу әдістері мен тәсілдерін қарастырды.
November 14, 2019

2019 жылы 14 қарашада Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры, доктор Фырат Пурташ «Түркі кеңесінің 10 жылдығында түркі әлемі» атты конференция өткізді.

Конференция Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының мәжіліс залында өтті. Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз басшылық еткен іс-шараға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы және басқа да қонақтар қатысты.
November 20, 2019

20 қараша 2019 жылы Мармара университетінің профессоры Ижлал Аттила «Қаржы бойынша өзекті мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді.

Профессор, доктор Ижлал Аттила семинарды өзін таныстырудан бастады. Зерттеу саласы қаржы екенін атап өтіп, көптеген жылдар бойы Мармара университеті Саясаттану және мемлекеттік басқару бөлімінде оқытушылық қызмет атқаратынын айтты.
November 21, 2019

2019 жылдың 21 қарашасында Түрік тілі қоғамының төрағасы профессор, доктор Гюрер Гүлсевин Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Түрік тілі қоғамының төрағасы профессор, доктор Гюрер Гүлсевин Алматыға сапары аясында Кыршехир Ахи Евран университеті Жаратылыстану ғылымдары және әдебиет факультетінің деканы профессор, доктор Надир Ильханмен бірге Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
November 28, 2019

2019 жылы 28 қарашада Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Жандос Ранов «Қазақстан Республикасында сақтандыру саласының дамуына байланысты мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді.

Доктор Жандос Ранов семинарында алдымен сақтандыру және қатер ұғымдары туралы жалпы түсінік беріп өтті. Көптеген дамыған елдерде сақтандыру секторы экономиканың маңызды стратегиялық секторларының бірі екенін айта келе, Ранов сақтандыру компанияларының қаржылық күші бұл компанияларды күшті қаржылық несие институттарына айналдырғанын айтты.