mcmxtr

April 27, 2017

ҰҚП төрағасының орынбасары проф. док. Мехмет Гүнал, Мармара университетінің ректоры проф. док. Мехмет Эмин Арат және проф.док.Али Көсе мен ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы проф.док.Мұса Йылдыз Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қызметтерімен танысты

Ұлтшыл Қозғалыс партиясы (ҰҚП) төрағасының орынбасары профессор, доктор Мехмет Гүнал, Мармара университетінің ректоры профессор, доктор Мехмет Эмин Арат және Теология факультетінің деканы профессор, доктор Али Көсе Қазақстанға сапары аясында Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының басшысымен кездесіп, институттың қызметтерімен танысты.
April 26, 2017

2017 жылы 25 сәуір күні Нархоз университеті зерттеушісі э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және халық денсаулығы» атты семинар өткізді.

Э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова семинарда денсаулық сақтау мен экономика арасындағы байланыс, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және денсаулық сақтау экономикасы мәселелері туралы толық ақпарат ұсынды.
April 25, 2017

2017 жылы 25 сәуірде Муниципалдық және жергілікті билік органдары қызметкерлері кәсіподағының (BEM-BİR-SEN) Директорлар кеңесі Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

«BEM-BİR-SEN» кәсіподағының Қазақстанға сапары аясында кәсіподақ төрағасы Мүрсел Тұрбай, төраға орынбасарлары Гүркан Альпер, Реджаи Карслы және «BEM-BİR-SEN» ұйымының білім беру бойынша кеңесшісі профессор, доктор Айтач Екер Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды.
April 4, 2017

2017 жылы 3 сәуірде Докуз Эйлюль университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті Экономика кафедрасының оқытушысы доцент міндетін атқарушы, доктор Селим Шанлысой «Адам әлеуетінің дамуы тұрғысынан түркітілдес елдер» атты семинар өткізді.

Доцент міндетін атқарушы, доктор Селим Шанлысой «Адам әлеуетінің дамуы тұрғысынан түркітілдес елдер» атты семинарда елдердің даму деңгейін өлшеудегі Адам әлеуеті даму индексінің (АӘДИ) артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ түркітілдес елдердің АӘДИ бойынша күшті және әлсіз жақтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды
March 30, 2017

2017 жылы 30 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институты «Түркітілдес елдердегі діни білім беру мәселелері» атты семинар-практикум өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен «Түркітілдес елдердегі діни білім беру мәселелері» атты семинар-практикумға Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерінен дінтанушы ғалымдар қатысты.
March 25, 2017

2017 жылы 24 наурызда Мармара университеті Жаратылыстану ғылымдары және әдебиет факультеті Тарих кафедрасының оқытушысы профессор, доктор Женгиз Томар «Таяу Шығыста күш тепетеңдігінің өзгеруі: өткені мен бүгіні» атты семинар өткізді.

Семинар басталмастан бұрын Премьер-министрлік Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі төрағасының орынбасары Сайит Юсуф, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек сөз сөйледі.
March 17, 2017

2017 жылы 16 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері т.ғ.д. Еркін Байдаров «Орталық Азия мемлекеттері: Бірыңғай Мәдениет және өркениет ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.

«Орталық Азия мемлекеттері: Бірыңғай Мәдениет және өркениет ерекшеліктері» тақырыбындағы семинарында т.ғ.д. Еркін Байдаров Орталық Азия елдерін біріктіретін тарихи және мәдени байланыстарды және ортақ өркениет қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлар туралы көзқарастарымен бөлісті.
March 15, 2017

2017 жылы 15 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Түркияның ұлттық әнұранының қабылдануы мен Мехмет Акиф Эрсойды еске алу шарасы өтті.

Түркия Республикасы Алматы Бас консулдығының қолдауымен Еуразия ғылыми-зерттеу институты Шет тілдер және іскерлік карьера университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ТҮРІКСОЙ кафедрасымен бірлесе отырып Түркияның ұлттық әнұранының қабылдануы мен Мехмет Акиф Эрсойды еске алу шарасын өткізді.
March 10, 2017

2017 жылы 9 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Районының (ШҰАР) Қазіргі Экономикалық және Әлеуметтік Жағдайы» тақырыбында семинар өткізді.

Өмірбек Қанай «Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Районының (ШҰАР) қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайы» атты семинарында, негізінен ШҰАР-ның ағымдағы экономикалық жағдайындағы өзгерістері мен жерасты байлығы туралы толық ақпарат берді.
March 3, 2017

2017 жылы 2 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер Марат Шибутов «Саясаттағы географиялық детерминизм» атты семинар өткізді.

Марат Шибутов семинарда географиялық детерминизмнің тарихы, даму үдерісі мен салалары жөнінде баяндады. Географиялық детерминизм бұрыннан бар сала болса да, Кеңес Одағы кезінде аса белгілі болмағанын айтты.