mcmxtr

April 24, 2019

Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы

2019 жылы 24 сәуірде Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшектің «Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы» атты семинар-конференциясы өтті.
April 29, 2019

Тарихтан бүгінгі күнге дейінгі Армения мәселесі

29.04.2019 күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Хажеттепе университеті Ататүріктің принциптері және революция тарихы институтынан құрметті доцент доктор Сэйфи Йылдырым «Тарихтан бүгінгі күнге дейінгі Армения мәселесі» тақырыбында конференция өткізді.
May 15, 2019

2019 жылы 15 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушісі Оңғарова Еркінай «Қазақстан сыртқы саясатында Каспий теңізінің рөлі» тақырыбында семинар берді.

Еркінай Оңғарова семинарда негізінен Каспий теңізіндегі мол энергия көздерінің маңызына тоқталып, Каспий теңізінің Қазақстанның сыртқы саясатындағы рөлін баяндады. Ең әуелі Совет үкіметінен кейін пайда болған статус мәселесі бойынша жүргізілген келіссөздер және соңғы 2018 жылы қол жеткізген келісімшарт туралы талдау жасаған.
June 3, 2019

Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар тасымалы

2019 жылдың 3 маусымында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Саясат, сыртқы саясат және қауіпсіздік ғылыми-зерттеу тобы семинарлары аясында Гонконг қалалық университетінен (City University of Hong Kong) доктор Линда Тжиа Йин-нордың «Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар тасымалы» атты семинары өтті.
June 21, 2019

Каңнидо картасындағы (1402) Еуразия қалалары: Бесбалықтан Андалұсқа дейін

2019 жылы 21 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Саясат, сыртқы саясат және қауіпсіздік ғылыми-зерттеу тобы семинарлары аясында Бонн университетінен шақырылған зерттеуші т.ғ.д., профессор Нұрлан Кенжеахмет «Каңнидо картасындағы (1402) Еуразия қалалары: Бесбалықтан Андалұсқа дейін» атты семинар өткізді.
June 27, 2019

Қытай қазақтарының этномәдени құндылықтарды сақтауы

2019 жылы 27 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай Қоғам және мәдени зерттеу тобының жұмыстары шеңберінде «Қытай қазақтарының этномәдени құндылықтарды сақтауы» тақырыбында семинар өткізді.
September 19, 2019

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Түркітілдес мемлекеттер арасында құрылған халықаралық ұйымдардың міндеті мен тарихы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Еркінбек Тұрғынов семинарында Еуразия құрлығында орналасқан түркі елдері арасында құрылған төрт негізгі халықаралық ұйым туралы баяндады. Атап айтқанда, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі), Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), ТүркПА және Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) жайлы толық ақпарат берді.
September 23, 2019

2019 жылдың 23 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Фырат университетінің профессоры, доктор Ахмет Буран «Түркиядан тыс түркі әлемінің түркітанушылары» атты тақырыпта семинар өткізді.

Профессор, доктор Ахмет Буран семинарды өзін таныстырудан бастап, 2003-2005 жылдар аралығында Қырғызстандағы Манас университетінде жұмыс істегенін айтты.
September 25, 2019

2019 жылдың 25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Балжан Ешметова «Мәңгілік ел идеясы: Түркі елдерінің біртұтастығы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Балжан Ешметова семинарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеологиясының тарихы туралы баяндады.