Доктор Ажар Серікқалиева «Қытайдың жаңғырту парадигмасы» атты семинарында жалпы Қытайдың жаңғырту үдерісінің тарихына және оның маңызды кезеңдеріне тоқтала кетіп, тақырып бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.
Түркия мен Қазақстан арасында тарих, мәдениет, білім салаларында қарым-қатынастарды дамыту және байытуға үлес қосу үшін «Көңіл керуені» делегациясы 2016 жылдың 4 маусымында «Қазақстан» телеарнасы мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына барды.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРІКСОЙ кафедрасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауидің ілімі» атты конференция
Ә.ғ.к. Гүлмира Илеуова «Мемлекеттік басқаруда әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін пайдалану» атты семинарда жалпы Қазақстанда әлеуметтану саласындағы өзгерістер мен әлеуметтік зерттеулерді жүргізуде және оларды интерпретациялауда кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғады.
Доцент, доктор Невзат Шимшек «Түркия және Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар: саяси немесе экономикалық» атты семинарында жалпы Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда өнеркәсіптік талдау, сауда, туризм және инвестиция салаларындағы өзгерістер мен екі ел арасындағы ортақ жобалар туралы ақпаратты ұсынды.
Болат Әуелбаев «Орталық Азия мемлекеттерінің өзара әрекеттестігіндегі су-энергетикалық аспектілер» атты семинарында жалпы Орталық Азиядағы су алаптары, су-электр станциялары және геосаяси күш теңдіктеріне қатысты мәселелерді талқылады.
2016 жылдың 16 маусымында «Ниппон» қорының атқарушы директоры Юджи Мори мен Түрік және жапон Орталық Азия достық және ынтымақтастық қауымдастығы (Jatcafа) Басқарма төрағасы Киоко Врбоски Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келді
2016 жылдың 19-26 қыркүйек аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты "Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесінің" қолдауымен "Халықаралық Түркі академиясымен" бірлесе отырып "Еуразия жазғы мектебін ұйымдастыруда.
2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Думлупынар университеті бірлесіп I Халықаралық афро-еуразиялық зерттеулер конгресін ұйымдастыруда. Конгреске Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей т.б. 15 түрлі елден 150-ге жуық ғалым қатысуда.
2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Думлупынар университеті бірлесіп I Халықаралық афро-еуразиялық зерттеулер конгресін ұйымдастырды. Конгреске Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей т.б. 15 түрлі елден 150-ге жуық ғалым қатысты.