Жаңалықтар

January 10, 2019

2019 жылдың 10 қаңтарында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ажар Серікқалиева «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы: Қытайдың сыртқы саясатындағы жаңа үрдістер» атты тақырыпта семинар өткізді.

Ажар Серікқалиева семинарында 2017 жылы 14-15 мамырда Пекинде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында Қытай тарапынан ұсынылған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы» тұжырымдамасы туралы ақпарат берді. Серікқалиева бұл тұжырымдаманың енгізілуімен «өз мүмкіндіктерін жасыру және ыңғай сәтті күту» стратегиясын ұстанған Дэн Сяопин дәуірінің аяқталғанын айтты.
January 10, 2019

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ажар Серікқалиева «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы: Қытайдың сыртқы саясатындағы жаңа үрдістер» атты тақырыпта семинар өткізді

Ажар Серікқалиева семинарында 2017 жылы 14-15 мамырда Пекинде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында Қытай тарапынан ұсынылған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы» тұжырымдамасы туралы ақпарат берді. Серікқалиева бұл тұжырымдаманың енгізілуімен «өз мүмкіндіктерін жасыру және ыңғай сәтті күту» стратегиясын ұстанған Дэн Сяопин дәуірінің аяқталғанын айтты. Пекин бұдан бұрын Қытай мен Тайвань арасындағы […]
January 17, 2019

2019 жылы 17 қаңтарда Париж университеті (Сен-Дени) Француз геосаяси ғылымдар институтының магистранты Клотильда Тривин «Белдеу және жол» бастамасы және қазақ халқының ұлттық болмысы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген ұғымдарға кеңірек тоқталып, елде белең алып жатқан интеграциялық үдерістерге көңіл бөлді.
January 17, 2019

Париж университеті (Сен-Дени) Француз геосаяси ғылымдар институтының магистранты Клотильда Тривин «Белдеу және жол» бастамасы және қазақ халқының ұлттық болмысы» атты тақырыпта семинар өткізді

Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген […]
January 18, 2019

17.01.2019 ЕҒЗИ-ында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның оқытушысы доктор Ерғали Есбосынов «Түркия-Ресей қарым-қатынастары мен Лозанна бейбітшілік келісімінің Кеңес дәуіріндегі саясаттану әдебиеттерінде қарастырылуы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Семинарда доктор Ерғали Есбосынов Ресей дереккөздеріндегі Лозанна бейбітшілік келісіміне қатысты ғылыми зерттеулер туралы толық мағлұмат беріп, бұл тарихи оқиғаны не себепті зерттейтіні туралы баяндап берді. Есбосынов Қазақстанның бұрын Кеңес Одағының мүшесі болғанын, сондықтан да Кеңес Одағы қазақтар атынан шешім қабылдап, маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті. Лозанна бейбітшілік келісімі туралы ғылыми зерттеулер кеңестік кезеңнің шарттарына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Есбосынов зерттеу барысында тап болған қызықты дереккөздер туралы әртүрлі ақпаратпен бөлісті.
January 18, 2019

ЕҒЗИ-ында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның оқытушысы доктор Ерғали Есбосынов «Түркия-Ресей қарым-қатынастары мен Лозанна бейбітшілік келісімінің Кеңес дәуіріндегі саясаттану әдебиеттерінде қарастырылуы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Семинарда доктор Ерғали Есбосынов Ресей дереккөздеріндегі Лозанна бейбітшілік келісіміне қатысты ғылыми зерттеулер туралы толық мағлұмат беріп, бұл тарихи оқиғаны не себепті зерттейтіні туралы баяндап берді. Есбосынов Қазақстанның бұрын Кеңес Одағының мүшесі болғанын, сондықтан да Кеңес Одағы қазақтар атынан шешім қабылдап, маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті. Лозанна бейбітшілік келісімі туралы […]
January 24, 2019

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
January 24, 2019

«Қазақ газеттері» ЖШС Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Институттың конференц-залында өткен іс-шараға «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, «Мысль» журналының бас редакторы Аяған Сандыбай, «Ұйғыр Авази» газетінің бас редакторы Ершат Асматов […]
January 25, 2019

2019 жылдың 24 қаңтарында Еуразия ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Тұрғынов Еркінбек «Латын әліпбиі: Ортақ түркі әліпбиінің артықшылығы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Тұрғынов Еркінбек баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қарастырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Осыған байланысты түркі халықтарының ортақ әліпбиді қолдану маңыздылығы мен өзектілігі туралы дәлелдер келтіріп, әртүрлі ұсыныстар жасады.
January 25, 2019

Еуразия ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Тұрғынов Еркінбек «Латын әліпбиі: Ортақ түркі әліпбиінің артықшылығы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Тұрғынов Еркінбек баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қарастырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Осыған байланысты түркі халықтарының ортақ әліпбиді қолдану маңыздылығы мен өзектілігі туралы дәлелдер келтіріп, әртүрлі ұсыныстар жасады. Тұрғынов баяндама барысында түп тамыры бір түркі […]