Жаңалықтар

June 29, 2017

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Институт қызметкерлеріне Университетіміздің қызмет медальдары тапсырылды

2017 жылғы 2 қаңтар күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының үздік қызметкерлеріне медальдар табыс етілді. Қызмет медалімен марапаттау рәсіміне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры доцент міндетін атқарушы, доктор Мұстафа Эрен, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек және институттың академиялық әрі әкімшілік қызметкерлері қатысты.
September 15, 2017

2017 жылы 14 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтында басшылық ауысты.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтын 2014 жылдың тамыз айынан бастап институттандыру кезеңінде басқарған доцент, доктор Невзат Шимшектің қызметтен кетуіне байланысты доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер жаңа директор болып тағайындалды.
September 21, 2017

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмермен кездесті. Сапар барысында доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер институт мақсаты мен міндеті туралы мағлұмат берді
September 21, 2017

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли жаңа қызметке кіріскен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмерді құттықтай отырып, жаңа жұмысында сәттілік тіледі.
September 22, 2017

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әбілқайыр Жүнісбек «Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияның перспективалары мен мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Аймақтық интеграция географиялық жақындық, экономикалық біртұтастық және ұқсастық, сондай-ақ мәдени-идеологиялық қарым-қатынас сияқты бірнеше шарттарға негізделеді. Бұл саяси жүйелерді, келіссөз процестерін және әлеуметтік құрылымды жеңілдетеді.
September 22, 2017

Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесі туралы дөңгелек үстел өтті

2017 жылы 19 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Дәурен Әбен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде өткен «Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты.
October 23, 2017

2017 жылдың 18-22 қыркүйек күндері Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері 33-ші Deutscher Orientalistentag «Азия, Африка және Еуропа» халықаралық конференциясына қатысты.

Германияның Йена қаласында биыл отыз үшінші рет өткізілген және төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Deutscher Orientalistentag конференциясының басты тақырыбы «Азия, Африка және Еуропа» болды. Конференция шеңберінде өткен 97 отырысқа 900-ге жуық ғалым қатысты.
November 30, 2017

2017 жылдың 30 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Қытайдың сыртқы саясатындағы Орталық Азия» атты семинар өткізді.

Өмірбек Қанай өз семинарында Орталық Азия аймағының Қытай үшін геостратегиялық және геосаяси маңызын зерттеп, Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының қазіргі ахуалы, Қытай мен Орталық Азияның сауда-экономикалық қатынастары және Қытайдың Орталық Азияда жұмсақ күшке негізделген саясаты жөнінде түрлі ақпарат берді.
December 7, 2017

2017 жылдың 7 желтоқсанында КИМЭП Университеті Мемлекеттік басқару кафед-расының доценті, доктор Нұрсейіт Ниязбеков «Қазақстанның әлеуметтік капиталын жетілдіру мәселелері» атты семинар өткізді.

Доктор Нұрсейіт Ниязбеков семинарында әлеуметтік капиталға қатысты зерттеулер жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Бұл зерттеулер арасында әлеуметтік капитал терминін алғаш рет қолданған доктор Роберт Патнэмның түрлі еңбектері жайлы айтып өтті.
December 14, 2017

2017 жылғы 14 желтоқсанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері ф.ғ.д., профессор Гүлнар Надирова «Американдық дереккөздердегі саяси исламның дамуындағы кейбір үрдістер» атты семинар өткізді.

Ф.ғ.д., профессор Гүлнар Надирова «Американдық дереккөздердегі саяси исламның дамуындағы кейбір үрдістер» атты тақырыпта семинар өткізді.