Конференцияға Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек, Эрзинджан университетінен доцент, доктор Хайдар Эфе, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен профессор, доктор Ислам Жеменей қатысты.
2016 жылғы 21 желтоқсанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРІКСОЙ кафедрасымен бірге Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары» атты жиын өткізді.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек 2016 жылғы 9 желтоқсанда Қырғызстанның Бішкек қаласында 2016 жылғы 22-23 қараша күні Анкарада өткен «Еуразия стратегиялық зерттеу орталықтарының кездесуі» симпозиумына қатысқан стратегиялық зерттеу орталықтарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
«Каспий маңы елдерінің интеграциялық бастамалары: мәселелері мен перспективалары» атты семинарында Лидия Пархомчик жалпы Каспий теңізінің мәртебесі, Каспий теңізінің қауіпсіздігі мен аймақтағы бес ел арасындағы саяси диалогтар мен жүзеге асыру барысындағы мәселелер бойынша толық ақпарат берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы доцент, доктор Сайфулла Сапанов «Еуропалық Одақтың (ЕО) Брекситке дейінгі және одан кейінгі жағдайы» атты семинарында жалпы Брексит референдумы шешімінің Ұлыбритания
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: мәселелері мен перспективалары» атты семинарында Данияр Нұрбаев жалпы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тарихи дамуы, мақсаты, функциялары мен миссиясы туралы баяндады.
Доктор Әділ Қаукенов «Жаңа геосаяси жағдайда Қытай саясаты» атты семинарда жалпы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының ерекшеліктері, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақ ынтымақтастығының перспективалары және Қытай-АҚШ-Ресей үштігінің қазіргі қарым-қатынастары сияқты өзекті тақырыптарды қозғады.
Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған «Ясауидің бүгінгі ұрпаққа айтары» атты жиынға баяндамашылар ретінде Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз және Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес мүшесі профессор, доктор Мухиттин Шимшек қатысты.
Қанат Маханов жалпы Қазақстан экономикасы мен өндіріс секторының құрылымы және «Голланд ауруының» Қазақстан экономикасына тигізген әсеріне тоқталып өтті. 2000-2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның экономикалық құрылымын қарастырып, қызмет көрсету саласы үлесінің жылдан жылға артқанын және аграрлық сектор үлесінің азайғанын атап өтті.
З.ғ.д. Фетхи Кылыч «Адам құқықтарының тарихи дамуы және олардың санаттары» атты семинарында адам құқықтары, адам құқықтарының санаттары және мемлекеттердің адам құқықтарына деген көзқарасы сияқты тақырыптарды қозғады.