Жаңалықтар

September 25, 2019

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Балжан Ешметова «Мәңгілік ел идеясы: Түркі елдерінің біртұтастығы» атты тақырыпта семинар өткізді

Балжан Ешметова семинарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеологиясының тарихы туралы баяндады. Ешметова Орхон-Енисей жазбаларынан мысалдар келтіре отырып, «мәңгі» деген сөздің Күлтегін жазба ескерткішінде төрт рет кездесетінін және бұл сөздің көне түркі дәуірінен басқа жазбаларда да қолданылғанын айтты. Ол «Мәңгілік ел» идеясының түркі халықтары […]
September 27, 2019

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Әзірбайжан Республикасы Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды.

Әзірбайжан Республикасы Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері Анар Расулов, Теймур Атаев Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
October 1, 2019

2019 жылдың 1 қазанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Еуразияның көлік торабы ретінде Орталық Азия» атты тақырыпта семинар өткізді.

Әсет Ордабаев семинарында Орталық Азияны көлік және транзит торабына айналдырудың мүмкіндіктері мен кедергілері туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл мәселені ішкі және сыртқы тұрғыдан қарастыру қажеттігін атап өткен Ордабаев екі факторға жеке-жеке тоқталды.
October 1, 2019

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Еуразияның көлік торабы ретінде Орталық Азия» атты тақырыпта семинар өткізді

Әсет Ордабаев семинарында Орталық Азияны көлік және транзит торабына айналдырудың мүмкіндіктері мен кедергілері туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл мәселені ішкі және сыртқы тұрғыдан қарастыру қажеттігін атап өткен Ордабаев екі факторға жеке-жеке тоқталды. Ішкі факторлар арасында әсіресе аймақтың инфрақұрылымдық мәселелерін қарастырды. Осыған байланысты Ордабаев Орталық Азия елдері автомобиль жолдарын, темір жолдарды, вагондарды […]
October 6, 2019

Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Атырау облысы әкімдігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі  Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК,  Атырау облысы әкімдігі, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты […]
October 9, 2019

Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК,  Атырау облысы әкімдігі, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақаласы аясында «Жошы ұлысы және Сарайшық - Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды. Конференция 2019 жылы 9-11 қазан күндері Атырау қаласында өтеді
October 16, 2019

«Украина тұрғысынан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың перспективалары мен қауіптері

2019 жылғы 16 қазанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Киевтегі Армия, конверсия және қарусыздану мәселелерін зерттеу орталығының Азия-Тынық мұхиты бөлімінің жетекшісі Юрий Пойта «Украина тұрғысынан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың перспективалары мен қауіптері» атты тақырыпта семинар өткізді.
October 23, 2019

Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік

Ғылыми әдебиет беттерінде Жошының ұлысын «Алтын Орда» деп атау қалыптасқан. Алтын Орда уақытында қала құрылыс және архитектура, сауда-экономикалық қатынас, саяси-әлеуметтік институттар қарқынды дамыды. Бұл үдерістер Қазақстан аумағын да қамтыды. 1269 жылғы Талас құрылтайының нәтижесінде Алтын Орданың империялық орталықтан толықтай тәуелсіздігі мойындалып, ағымдағы жылы аталған орданың негізі қаланғанына 750 жыл толып отыр.
October 23, 2019

Saryarka and the Golden Horde: Time and Space

“SARYARKA AND THE GOLDEN HORDE: TIME AND SPACE” International scientific conference to the 750th anniversary of the founding of the Golden Horde Karaganda, October 23-25, 2019 In scientific works it is generally accepted to designate the Golden Horde of Jochi Khanate ownership. During the Golden Horde period, trade and economic relations, […]
October 23, 2019

Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік

«Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік» Алтын орданың 750 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция Қарағанды қаласы, 2019 жылғы 23-25 қазан Ғылыми әдебиет беттерінде Жошының ұлысын «Алтын Орда» деп атау қалыптасқан. Алтын Орда уақытында қала құрылыс және архитектура, сауда-экономикалық қатынас, саяси-әлеуметтік институттар қарқынды дамыды. Бұл үдерістер Қазақстан аумағын да қамтыды. […]