Жаңалықтар

March 30, 2017

2017 жылы 30 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институты «Түркітілдес елдердегі діни білім беру мәселелері» атты семинар-практикум өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен «Түркітілдес елдердегі діни білім беру мәселелері» атты семинар-практикумға Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерінен дінтанушы ғалымдар қатысты.
April 4, 2017

2017 жылы 3 сәуірде Докуз Эйлюль университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті Экономика кафедрасының оқытушысы доцент міндетін атқарушы, доктор Селим Шанлысой «Адам әлеуетінің дамуы тұрғысынан түркітілдес елдер» атты семинар өткізді.

Доцент міндетін атқарушы, доктор Селим Шанлысой «Адам әлеуетінің дамуы тұрғысынан түркітілдес елдер» атты семинарда елдердің даму деңгейін өлшеудегі Адам әлеуеті даму индексінің (АӘДИ) артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ түркітілдес елдердің АӘДИ бойынша күшті және әлсіз жақтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды
April 25, 2017

2017 жылы 25 сәуірде Муниципалдық және жергілікті билік органдары қызметкерлері кәсіподағының (BEM-BİR-SEN) Директорлар кеңесі Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

«BEM-BİR-SEN» кәсіподағының Қазақстанға сапары аясында кәсіподақ төрағасы Мүрсел Тұрбай, төраға орынбасарлары Гүркан Альпер, Реджаи Карслы және «BEM-BİR-SEN» ұйымының білім беру бойынша кеңесшісі профессор, доктор Айтач Екер Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды.
April 26, 2017

2017 жылы 25 сәуір күні Нархоз университеті зерттеушісі э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және халық денсаулығы» атты семинар өткізді.

Э.ғ.д., профессор Ләззат Спанқұлова семинарда денсаулық сақтау мен экономика арасындағы байланыс, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және денсаулық сақтау экономикасы мәселелері туралы толық ақпарат ұсынды.
April 27, 2017

ҰҚП төрағасының орынбасары проф. док. Мехмет Гүнал, Мармара университетінің ректоры проф. док. Мехмет Эмин Арат және проф.док.Али Көсе мен ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы проф.док.Мұса Йылдыз Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қызметтерімен танысты

Ұлтшыл Қозғалыс партиясы (ҰҚП) төрағасының орынбасары профессор, доктор Мехмет Гүнал, Мармара университетінің ректоры профессор, доктор Мехмет Эмин Арат және Теология факультетінің деканы профессор, доктор Али Көсе Қазақстанға сапары аясында Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының басшысымен кездесіп, институттың қызметтерімен танысты.
May 5, 2017

2017 жылы 4 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Сәуле Ахметқалиева «Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімі» атты семинар өткізді.

Сәуле Ахметқалиева «Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімі» атты семинарында жалпы келісім туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, келісімнің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып өтті. Париж келісімі Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде климаттың өзгеру мәселесі туралы келісім болып табылатынын айтты.
May 12, 2017

2017 жылы 11 мамырда Орталық Азия стратегиялық зерттеулер институтының (ОАСЗИ) тең құрылтайшысы «Ресейдің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жұмсақ күшке негізделген саясаты» атты семинар өткізді.

Анна Гусарова «Ресейдің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жұмсақ күшке негізделген саясаты» атты семинарда жұмсақ күш ұғымы, Ресейдің жұмсақ күшке негізделген саясат ұғымын қалай түсінетіні және осы бағыт бойынша жасалған қадамдар туралы ақпарат ұсынды.
June 8, 2017

2017 жылы 1 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері ф.ғ.д., профессор Гүлнар Надирова «Жаһандық және жергілікті жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы жаңа үрдістер» атты семинар өткізді

Ф.ғ.д., профессор Гүлнар Надирова семинарда жоғары білім беру саласындағы жаңа үрдістер аясында интернет арқылы білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жаңа тәжірибелер, жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық және бұл саладағы бірлескен ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.
June 9, 2017

2017 жылы 8 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері доктор Дәурен Әбен «Қазақстандағы азаматтық қару: нормативтік-құқықтық базасы және мәселелері» атты семинар өткізді.

Доктор Дәурен Әбен семинарда азаматтық қару ұғымы, құқықтық база, қоғамдық пікір және Қазақстанда қылмыстық оқиғаларда қару пайдалану деңгейі туралы толыққанды ақпарат берді. Дәурен Әбен сондай-ақ, Қазақстанда азаматтық қару бойынша өзі қатысқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
June 29, 2017

2017 жылы 26 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен доцент, доктор Мехмет Арслан «Кавказдың этно-мәдени құрылымы» атты семинар өткізді.

Доцент, доктор Мехмет Арслан семинарда жалпы Кавказ аймағының географиялық анықтамасы, аймақтағы түрлі ұлттар арасындағы қарым-қатынастар және ортақ Кавказ мәдениет құрылымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.