Жаңалықтар

May 20, 2022

2022 жылдың 20 мамырында Анкара губернаторы Васип Шахин Алматыға сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Алматыға сапары аясында Түркия Республикасының Анкара қаласының губернаторы Васип Шахин Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мұхиттин Шімшек те қатысқан сапарда Анкара қаласының губернаторы Васип Шахинге институт зерттеулері мен жарияланымдары жан-жақты таныстырылды. Анкара губернатор Васип […]
May 28, 2022

2022 жылы 28-30 мамыр аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты Алматы кітап көрмесіне қатысты.

2022 жылдың 28-30 мамыры аралығында Алматыда ашық аспан астындағы Алматы кітап жәрмеңкесі өтті. Үш күнге созылған мәдени шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық кітап палатасы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Үш күн бойы 10 мыңға жуық адам келген кітап көрмесіне 60-қа жуық жергілікті баспа мен кітап дүкенімен қатар, […]
July 1, 2022

2022 жылдың 1 шілдесінде Ирантану орталығының (IRAM) аға ғылыми қызметкері, доцент, доктор Үміт Башар «Ауғанстандағы ағымдағы оқиғалар және аймақтық әсерлері» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлурдың кіріспе сөзінен кейін баяндамасын бастаған Ирантану орталығының аға ғылыми қызметкері және Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің оқытушысы доцент, доктор Үміт Башар  Ауғанстандағы қазіргі оқиғалар және олардың аймақтық әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берді. Екінші Талибан дәуірінің басталуы және Ауғанстан ислам республикасының құлауы туралы қысқаша айта […]
July 8, 2022

2022 жылдың 8 шілдесінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған панель өтті.

Институт директоры, доктор Суат Бейлурдың ашылу сөзімен басталған алқалы отырыста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы, Өзбекстан Республикасы Алматы қаласындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Әзірбайжан Республикасының Алматы қаласындағы консулы Анар Хусейнзаде, Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас […]
July 15, 2022

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні» атты панель қазақстандық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Панельдің кіріспе сөзінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур, 2016 жылы 15 шілдеде Түркия Республикасындағы түрік қарулы күштері құрамында жасырын құрылған террор ұйымының төңкеріс әрекетінің алты жылдығына орай Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған панельге қатысқан қонақтарға алғысын білдірді. Түркияның 1950 жылдан 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін […]
September 10, 2022

2022 жылдың 7-9 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресі (EFE’2022) өтті.

2014 жылдан бері екі жылда бір рет жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан конгрес биыл Сараево халықаралық университеті, Нью-Йорк Тирана университеті және Ибн Халдун университетімен бірлесіп өткізілді. Пандемиядан кейінгі әлемдегі негізгі экономикалық, қаржылық, саяси және энергетикалық үдерістерді ғылыми тұрғыдан талқылауға бағытталған EFE’2022 конгресі бетпе-бет және онлайн (аралас әдіс) қатысу форматында өтті. […]
September 13, 2022

2022 жылдың 13 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты дайындаған, «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» атты кітап пен 2 томдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты екі томдық еңбектің тұсаукесері өтті.

Ашылу салатанатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы, […]
September 22, 2022

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университеті Фэйрбанк қытайтану орталығы бірлесіп «Шығыс пен Батыс деректеріндегі Қазақ хандығы шекарасының қалыптасуы» атты конференция өткізді.

Конференцияның ашылу сөзін сөйлеген институт директоры, доктор Суат Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университетінің Фэйрбанк қытайтану орталығы бірлесіп ұйымдастырған конференцияның тарихи карталар негізінде Қазақ хандығының  шекараларының таныстырылуын ашып көрсету арқылы картографиялық және аймақтық зерттеулерге, әсіресе қазақ тарих ғылымына маңызды үлес қосуды мақсат […]
October 15, 2022

Еуразия ғылыми-зерттеу институты дайындаған «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» атты ұжымдық монография мен 2 томдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты еңбектердің тұсаукесері 2022 жылы 14 қазанда Астанада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Абай академиясы және Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасыбірлесіп өткізді.

Абай академиясының директоры, ф.ғ.к., доцент Әубәкір Жандос модератор болған шараның ашылу салатанатында Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екіжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Жанар Төлиндинова, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті, доктор Физули Мажидли және […]
October 16, 2022

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының делегациясы 2022 жылы 14-16 қазан аралығында Астанадағы бағдарламасы аясында Халықаралық Түркі академиясында болды.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур мен институт директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай, аға ғылыми қызметкерлер Өмірбек Қанай мен Алмас Жүнісбаев қатарлы делегация мүшелері Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті, доктор Физули Мажидли Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев, Ғылым және талдау бөлімінің сарапшылары Тимур Козырев, Нурдин Усеев және Дінмұхаммед Әметбекпен кездесті. […]