Жаңалықтар

June 2, 2016

2016 жылдың 2 маусымында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Ажар Серікқалиева «Қытайдың жаңғырту парадигмасы» деген тақырыпта семинар өткізді.

Доктор Ажар Серікқалиева «Қытайдың жаңғырту парадигмасы» атты семинарында жалпы Қытайдың жаңғырту үдерісінің тарихына және оның маңызды кезеңдеріне тоқтала кетіп, тақырып бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.
June 5, 2016

2016 жылдың 4-5 маусым аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) ынтымақтастығы бойынша Түркиядан келген «Көңіл керуені» делегациясы бірқатар кездесулерге қаты

Түркия мен Қазақстан арасында тарих, мәдениет, білім салаларында қарым-қатынастарды дамыту және байытуға үлес қосу үшін «Көңіл керуені» делегациясы 2016 жылдың 4 маусымында «Қазақстан» телеарнасы мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына барды.
June 6, 2016

2016 жылдың 6 маусымында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Қожа Ахмет Ясауидің ілімі» атты конференция ұйымдастырылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРІКСОЙ кафедрасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауидің ілімі» атты конференция
June 9, 2016

2016 жылдың 9 маусымында «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу орталығының төрағасы ә.ғ.к. Гүлмира Илеуова «Мемлекеттік басқаруда әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін пайдалану» атты семинар өткізді.

Ә.ғ.к. Гүлмира Илеуова «Мемлекеттік басқаруда әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін пайдалану» атты семинарда жалпы Қазақстанда әлеуметтану саласындағы өзгерістер мен әлеуметтік зерттеулерді жүргізуде және оларды интерпретациялауда кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғады.
June 15, 2016

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент Невзат Шимшек Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің шақыруы бойынша 15.06.2016күні «Түркия мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар: саяси немесе экономикалық» атты семинар өткіздi

Доцент, доктор Невзат Шимшек «Түркия және Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар: саяси немесе экономикалық» атты семинарында жалпы Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда өнеркәсіптік талдау, сауда, туризм және инвестиция салаларындағы өзгерістер мен екі ел арасындағы ортақ жобалар туралы ақпаратты ұсынды.
June 16, 2016

2016 жылдың 16 маусымында Болат Әуелбаев «Орталық Азия мемлекеттерінің өзара әрекеттестігіндегі су-энергетикалық аспектілер» атты семинар өткізді.

Болат Әуелбаев «Орталық Азия мемлекеттерінің өзара әрекеттестігіндегі су-энергетикалық аспектілер» атты семинарында жалпы Орталық Азиядағы су алаптары, су-электр станциялары және геосаяси күш теңдіктеріне қатысты мәселелерді талқылады.
June 16, 2016

2016 жылдың 16 маусымында «Ниппон» қоры мен «Jatcafa» қауымдастығы Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келді.

2016 жылдың 16 маусымында «Ниппон» қорының атқарушы директоры Юджи Мори мен Түрік және жапон Орталық Азия достық және ынтымақтастық қауымдастығы (Jatcafа) Басқарма төрағасы Киоко Врбоски Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келді
September 21, 2016

2016 жылдың 19-26 қыркүйек аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі және Халықаралық Түркі академиясының ортақтаса ұйымдастырған “Еуразия жазғы мектебі” басталды.

2016 жылдың 19-26 қыркүйек аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты "Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесінің" қолдауымен "Халықаралық Түркі академиясымен" бірлесе отырып "Еуразия жазғы мектебін ұйымдастыруда.
October 13, 2016

2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының Думлупынар университетімен бірлесіп ұйымдастырған I Халықаралық афро-еуразиялық зерттеулер конгресі басталды.

2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Думлупынар университеті бірлесіп I Халықаралық афро-еуразиялық зерттеулер конгресін ұйымдастыруда. Конгреске Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей т.б. 15 түрлі елден 150-ге жуық ғалым қатысуда.
October 18, 2016

2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты Думлупынар университетімен бірлесіп I Халықаралық афро-еуразиялық зерттеулер конгресін ұйымдастырды.

2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Думлупынар университеті бірлесіп I Халықаралық афро-еуразиялық зерттеулер конгресін ұйымдастырды. Конгреске Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей т.б. 15 түрлі елден 150-ге жуық ғалым қатысты.