Жаңалықтар

May 28, 2020

2020 жылдың 28 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақстан астанасын көшіру себептері» атты тақырыпта семинар өткізді.

Еркінбек Тұрғынов семинарында 1917 жылы Алаш зиялылары таңдаған Семей қаласынан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 32 өлшем бойынша таңдаған Нұр-Сұлтан қаласына дейін астана болған қалалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Тұрғынов сонымен бірге астананы өзгерту немесе көшіруге қатысты әлемдік тәжірибе мен мұндай шешім нәтижесінде туындаған кейбір қиындықтар […]
June 4, 2020

2020 жылдың 4 маусымында Анкара университетінің профессоры, доктор Али Мертхан Дүндар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының іс-шаралары аясында «Қиыр Шығыс және Орталық Азия байланыстары» атты тақырыпта семинар өткізді.

Профессор, доктор Али Мертхан Дүндар семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індетінің Қытайда пайда болғанын еске салып, оның бүкіл әлемдегі тепе-теңдікті өзгерткенін атап өтті. Бұл індеттің халық тығыз орналасқан аймақтарда пайда болу ықтималдығы жоғары екендігін баса айтқан профессор, доктор Али Мертхан Дүндар бұл індет Қытайға саяси және экономикалық тұрғыдан айтарлықтай зиян […]
June 4, 2020

2020 жылдың 4 маусымында Еуразия ғылыми-зерттеу институты «COVID-19 індеті кезіндегі жаңа жаһандық эко-саяси күн тәртібі» тақырыбында ғылыми талқы ұйымдастырды.

Кырыккале университетінің Экономика және мемлекеттік басқару факультетінің профессоры, доктор Харун Өзтүріклер «COVID-19 дағдарысынан кейінгі ұзақ және қысқа жаһандану», Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер «Пандемиядан кейінгі кезеңде жаңа ғаламдық күш тепе-теңдіктері туралы», Түркия палаталар және биржалар одағы Экономика және технология университеті Халықаралық кәсіпкерлік кафедрасының оқытушысы, доктор Али Дириөз […]
June 4, 2020

2020 жылы 4 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Илана Даутова «Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы қазіргі экономикалық байланыстар» тақырыбында семинар өткізді.

Илана Даутова семинарында Орталық Азияның Оңтүстік Корея үшін экономикалық тұрғыдан тартымды аймақ екенін түсіндіре келе, аймақ елдерінің жер асты қазба байлықтары тұрғысынан бай ресурстарға ие екендігін атап өтті. Баяндамашы 1992 жылдан 2010 жылға дейін Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы жалпы сауда көлемі 180 есеге артқанын атап өтіп, Оңтүстік […]
June 18, 2020

2020 жылы 18 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Азимжан Хитахунов «Әлемдік және еуразиялық ауыл шаруашылығының болашақ перспективалары» атты тақырыпта семинар өткізді.

Доктор Азимжан Хитахунов семинарында ауыл шаруашылығының жаһандық үрдістеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік өндіріс пен саудаға тоқталды. Баяндамашы әлемдік құндылықтар тізбегінің осы саладағы маңыздылығын түсіндіре отырып, дамушы елдердің ауылшаруашылық өндірісінде де, әлемдік саудада да рөлі артқанын мәлімдеді. Бұл әсіресе Қытай мен Үндістанға қатысты, дегенмен, дамыған елдердің әлемдік агробизнестегі […]
June 18, 2020

2020 жылы 18 маусымда Анкара Хажы Байрам Вели университетінің профессоры, доктор Гүлжанат Құрманғалиева Эржиласун «Ауызша тарих деректері бойынша Қырғызстан тарихындағы XX ғасыр: маңызды өтпелі кезеңдер» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің алғысөзімен басталған семинарда профессор, доктор Гүлжанат Құрманғалиева Эржиласун Қырғызстанда ХХ ғасырда қандай маңызды өзгерістер болғанын ауызша тарих деректері мен мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Құрманғалиева Эржиласун Қырғызстанның бүгінгі жағдайын түсіну үшін ХХ ғасырды түсіну өте маңызды екенін айтты. Профессор, доктор Гүлжанат Құрманғалиева Эржиласун […]
June 23, 2020

2020 жылғы 23 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырумен Австралияның Мельбурн университетінің докторы Тобиас Идэ «Азия мен Таяу Шығыстағы COVID-19 пандемиясы және қарулы қақтығыстар» тақырыбында баяндама жасады.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін сөз алған доктор Тобиас Идэ осындай мүмкіндіктер үшін институтқа алғыс айтты. Доктор Тобиас Идэ баяндамасында әлемді дүрліктірген COVID-19 індетінің Азия мен Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайы мен ықтимал әсерлері туралы сөз қозғады. Алдымен, доктор Тобиас Идэ, әлемде COVID-19 індетінен зардап […]
June 26, 2020

т.ғ.д., профессор Нұрлан Кенжеахметтің «XIV-XVI ғасырлардағы Токмақ (Алтын Орда), Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Осман империясы және Моғолстан: түпнұсқа мұрағаттардан» атты монографиясының онлайн тұсаукесері өтті.

Т.ғ.д., профессор Нұрлан Кенжеахметтың кітабының тұсаукесеріне Қазақстанның тарих саласындағы белгілі ғалымдары мен осы тақырыпқа қызығушылық танытқан Түркия мен бірқатар Еуропа елдерінің сарапшылары қатысты. Ғылыми талқы барысында модератор болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы алғашқы сөзді Германиядағы Бонн университетінің оқытушысы, […]
September 10, 2020

2020 жылы 10 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Балжан Ешметова «Түркі жазба ескерткіштеріндегі әскери терминдер» тақырыбында семинар өткізді.

Балжан Ешметова семинарында көне Түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін әскери шендер мен атаулардың шығу тарихы мен бүгінгі күнгі қолданысы туралы баяндады. Баяндамашы Орхон-Енисей жазбаларынан мысалдар келтіре отырып, әскери терминдердің қалыптасуында белгілі жүйе бар екендігін және Түркі тілдерінде бұл сөздер кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшыраса да әлі қолданыста екендігін айтты. Сонымен қатар, «Мәңгілік […]
September 18, 2020

2020 жылдың 18 қыркүйегінде король Хуан Карлос университетінің заң профессоры және Панеуропаның бас хатшысы Карлос Уриарте Санчес «Орталық Азиядағы саяси процестерге еуропалық көзқарас» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда профессор Карлос Уриарте Санчес Еуропа одағының (ЕО) Орталық Азиямен қарым-қатынастарының негізгі бағыттарына тоқталып өтіп, осы салада маңызды оқиғалар болып жатқанын мәлімдеді. Ол соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының Еуропа үшін маңызы едәуір артқанын тілге тиек етті. Еуропа кеңесі […]