Жаңалықтар

February 1, 2021

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. […]
February 4, 2021

2021 жылы 4 ақпанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты Анкара университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеулерін қолдану және зерттеу орталығы (APAM) және Түркияның Энергетикалық стратегиясы мен саясатын зерттеу орталығымен (TESPAM) бірлесіп «Мьянмадағы соңғы оқиғалар бойынша аймақтағы жаңа теңгерімдер» атты панель өткізді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің модераторлығында өткен панельде Түркияның Энергетикалық стратегиясы мен саясатын зерттеу орталығының (TESPAM) төрағасы Огузхан Акйенер, Анкара Университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеулерін қолдану және зерттеу орталығының (APAM) директоры, профессор доктор Мертхан Дүндар, Ибн Халдун университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті […]
February 9, 2021

2021 жылы 9 ақпанда Назарбаев Университетінің профессоры, доктор Стефанос Ксенариос «Арал теңізі бассейні: тұрақты даму тұрғысынан су мәселесі» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда профессор, доктор Стефанос Ксенариос Арал бассейніне қатысты жуырдағы академиялық жобаға тоқталып, зерттеу нәтижелерінің кітап болып шыққанын мәлімдеді. Жобаға барлығы 57 ғалым қатысқанын, оның 27-сі Орталық Азиядан болғанын және жобаның 20 айға созылғанын баяндады. Арал проблемасын адами фактордың теріс […]
February 19, 2021

2021 жылы 19 ақпанда Брюссельдегі Сент-Луис университетінің ғылыми қызметкері Лоик Кобут «Еуропалық Одақтың жаңартылатын энергетикалық саясаты және жаңартылатын энергетикалық қауымдастықтары» атты онлайн-семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда Лоик Кобут Еуропалық Одақтың жаңартылатын энергетика саясаты мен төмен көміртекті экономикаға көшу үдерісін баяндап, осыған байланысты  докторлық диссертациясы аясында жүргізілген кейбір зерттеулер туралы ақпарат берді. Ол өз сөзінде жаңартылатын энергетикалық қауымдастықтардың негізінен Батыс Еуропада таралған жаңа құбылыс екенін […]
February 22, 2021

2021 жылы 21 ақпанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер Халықаралық қатынастарды талдау порталы (UİAP) сұхпаттарының бесінші сериясына қатысты.

Доктор Илхан Сагсеннің үйлестіруімен жүргізілген Болу Абант Иззет Байсал университеті Халықаралық қатынастарды талдау порталы (UİAP) сұхпаттарының бесіншісіне қатысқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер, Қазақстан бойынша зерттеулер жүргізетін аймақтағы институттардың бірі болып табылатын Еуразия ғылыми-зерттеу институтының атқарған жұмыстары және тәжірибесімен бөлісті. […]
February 25, 2021

2021 жылы 25 ақпанда Қазақстан-ЮНИСЕФ WASH бағдарламасының кеңесшісі, Лунд университетінің ғылыми қызметкері, PhD Кәмшат Түсіпова «Су ресурстарындағы институционалдық әлеуетті арттыру: Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтау және санитарлық тазарту мысалы» атты онлайн-семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Кәмшат Түсіпова институтқа сөз сөйлеу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Өзінің семинарында Түсіпова Қазақстанның ауылдарындағы сумен жабдықтау және су бұру және институционалдық әлеуетті арттыру үдерістері туралы ақпарат берді. PhD  Түсіпованың айтуынша, сумен қамтамасыз ету тұрғысынан Мыңжылдықтың аму ақсаттары мен Тұрақты […]
March 4, 2021

«Климат және энергетика форумы 2021» табысты өтті

2021 жылы 4 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Гази университеті және Түркияның Энергетика стратегиясы және саясатын зерттеу орталығы (TESPAM) бірлесіп ұйымдастырылған «Климат және энергетика форумы 2021» онлайн режимінде өткізілді. «Климат және энергетика», «Климаттың өзгерісіне қарсы халықаралық күрес, қаржыландыру және технология», «Климаттың өзгеруі туралы түсінік […]
March 12, 2021

2021 жылы 12 наурызда Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер TOBB ETU Саясаттану және халықаралық қатынастар бөлімі ұйымдастырған семинарлар сериясында «Орталық Азиядағы экологиялық проблемалар және көп өлшемді әсері» атты баяндама жасады.

Доцент, доктор Вакур Сүмер Орталық Азияның өте кең географияны қамтитындығына және географиялық жағынан алуан түрлі болғандығына байланысты әртүрлі экологиялық қатерлердің болғандығын, Кеңес Одағынан қалған радиоактивті қалдықтар мен шөлейттену, аймақтағы мемлекеттердің тәуелсіздік алған кезде ұлттық мүдделері тудырған және ескермеген трансшекаралық мәселелерге ортақ шешімнің ұсынылмауы және климаттың өзгеруінен туындаған проблемалардың мемлекетке және […]
March 12, 2021

2021 жылы 12 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор, доктор Жанар Темірбекова Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор, доктор Жанар Темірбекова Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Сапар барысында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер институт зерттеулері мен жобалары туралы ақпарат берді. Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің миссиясы мен мақсатына […]
March 19, 2021

2021 жылы 19 наурызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Мимар Синан көркемөнер университеті Еуразия мәдениеті мен өнерін қолдану және зерттеу орталығы (AVRASKA) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп «Түрік әлеміндегі азаттық күресінің әдебиеттегі көшбасшылары: Мехмет Акиф Эрсой және Мағжан Жұмабаев» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сумер, Мимар Синан көркемөнер университеті AVRASKA зерттеу орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Әбдуақап Қара, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры, доктор […]