Жаңалықтар

March 25, 2021

2021 жылы 25 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, «ADASTRA» ғылыми-зерттеу орталығы және Пиза университетімен (Италия) бірлесіп «Геосаясат және қоршаған орта: Еуразиядағы жағдайлар» атты онлайн панель өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер модераторлық еткен панельде Испанияның Paneuropa бас хатшысы  PhD Карлос Уриарте, Пиза университетінің докторанты Филиппо Верре және ADASTRA ғылыми-зерттеу орталығының зерттеушісі Ирина Запоризка өз баяндамаларын жасады. Панель, Paneurop ұйымының бас хатшысы PhD Карлос Уриартенің баяндамасымен басталды. PhD Карлос Уриарте баяндамасында су мен су […]
April 5, 2021

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректораты ұйымдастырған «5-12 сәуірдегі ғылым апталығы» іс-шарасы аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері «Ғылыми зерттеулердің жаңа қажеттіліктері мен тенденциялары: Еуразия ғылыми-зерттеу институтының тәжірибесі» атты арнайы сессиясында өз баяндамаларын жасады.

2021 жылдың 5 сәуірінде ғылым күніне орай ұйымдастырылған «5-12 сәуір ғылым апталығы» атты іс-шараның ашылу салтанатын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры, профессор, доктор Қ.М. Беркімбаев өткізді. Ашылу салтанатында алғашқы сөз сөйлеген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор, доктор Жанар Темірбекова «Ғылым күні» қарсаңында өткізілген […]
April 8, 2021

2021 жылы 8 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институының ғылыми қызметкері PhD Әзімжан Хитахунов «Түркі әлемі елдерінің экономикасы» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, доцент, доктор Суат Бейлурдің ашылу сөзінен кейін, PhD Әзімжан Хитахунов түркі әлемі елдерінің экономикалық көрсеткіштері жайлы баяндама жасады. PhD Әзімжан Хитахунов 2018 жылы түркі әлемі елдерінің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2000 жылмен салыстырғанда едәуір өскенін, сонымен қатар елдердің ЖІӨ өсу қарқынының басқа тенденцияға ие болғанын […]
April 15, 2021

2021 жылы 15 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, доцент, доктор Суат Бейлур әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференцияда баяндама жасады.

ҚР БҒМ қолдауы негізінде және т.ғ.д. Л.Г. Ерекешеваның жетекшісігіндегі «Цифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контекстіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер» атты іргелі жоба аясында ұйымдастырылған конференция Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөреінің ашылу сөзінен кейін екі сессия аясында жалғасты. Конференцияға Қазақстаннан басқа Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Үндістанның зерттеушілері мен ғылымдары […]
April 16, 2021

2021 жылы 16 сәуір күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Мимар Синан көркемөнер университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Ахмет Ясауи университеттің Түркология ғылыми-зерттеу институты «Кеңестік кезеңдегі қазақ-түрік ғылыми қатынастары: Әлкей Марғұлан, Орхан Шайқ Гөкяй, Емел Есин, Тұнжер Байкара» атты онлайн панель ұйымдастырды.

2021 жылы 16 сәуірде өткен «Кеңестік кезеңдегі қазақ-түрік ғылыми қатынастары: Әлкей Марғұлан, Орхан Шайк Гөкяй, Емель Есин, Тұнгер Байкара» атты панелге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Женгиз Томар, Мимар Синан көркемөнер университеті AVRASKA орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Әбдіуақап Қара, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық […]
April 22, 2021

2021 жылдың 22 сәуірінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Анкара университеті Су басқару институты және Түркия Қоршаған ортаны қорғау қоры бірлесіп ұйымдастырған «Жер күні 2021: Табиғи ресурстарды қорғау» тақырыбында ғылыми талқы өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің модераторлығымен өткен онлайн талқыда MEF университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар бөлімінің оқытушысы доктор, профессор Айшегүл Кибароғлу, Ыстамбұл университеті Жеррахпаша Орман факультетінің оқытушысы доктор, профессор Доғанай Толунай, Анкара университеті Тіл және тарих-география факультеті География бөлімінің оқытушысы […]
May 6, 2021

2021 жылы 6 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық түрік-қазақ университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты директордың орынбасары6 доктор Суат Бейлур «Тәуекел, COVID-19 пандемиясы және әлеуметтік қатынастар» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің ашылу сөзінен кейін сөз алған Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, доктор Суат Бейлур өз баяндамасын тәуекелдік, Covid-19 пандемиясы және әлеуметтік қатынастар аясында кейбір негізгі түсініктемелер беруден бастады. Өз баяндамасының кіріспесінде доктор Суат Бейлур тәуекел ұғымы қазіргі кезде негізінен рационалды таңдау тәсілі, рефлексті […]
May 13, 2021

2021 жылы 13 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер «Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару саясаты: су ресурстарын кешенді басқару (IWRM) парадигмасы нені ұсынады?» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер өзінің баяндамасында Орталық Азияның әртүрлі өркениеттердің тоғысқан нүктесінде орналасқан аймақ екенін айта келе, жалпы сусыз тіршілік болмайтындығын атап көрсетіп, судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығын арнайы түсіндіре отырып, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару саясаты туралы ақпараттар ұсынды. Су ресурстары саласындағы терминдер мен […]
May 20, 2021

2021 жылы 20 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, доктор Жармұхамед Зардыхан «Орталық Азия аймағындағы қару-жарақтың ғаламдық тенденциялары мен көріністері» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің ашылу сөзінен кейін Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, доктор Жармұхамед Зардыхан қару-жарақтың ғаламдық тенденциялары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген баяндамасының басында Стокгольмдегі Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) аталмыш есепті 2021 жылдың басында жариялағанын атап өтті. Ол әртүрлі қару-жарақ өндірісі мен сатылымы, соның […]
May 25, 2021

2021 жылы 25 мамырда Түркияның Иран зерттеу орталығының (IRAM) делегациясы Алматыға сапары барысында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Түркиямен терең тарихи қатынастары бар Иран мен оның төңірегі туралы зерттеулер жүргізу үшін құрылған Иран зерттеу орталығы (IRAM) делегациясы Еуразия ғылыми-зерттеу институтындағы кездесуі барысында түркі әлемінің аймақтық және жаһандық мәселелері талқылап, халықаралық қатынастардағы негізгі оқиғалар бойынша пікір алмасты. Әсіресе, әр түрлі аймақтық мәселелер талқыланған кездесуде өзара диалог пен ынтымақтастық туралы […]