Жаңалықтар

November 19, 2020

2020 жылы 19 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Халықаралық вакцинация орталығының жетекшісі, в.ғ.к., профессор Қайсар Табынов «Пандемиялық вакциналарды жасау мен тіркеудің Қазақстандық тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда в.ғ.к., профессор Қайсар Табынов, өз сөзінде бүкіл әлем COVID-19 пандемиясымен әлі де күресіп жатқанын айта отырып, Қазақстан мысалында эпидемияға қарсы вакциналық зерттеулердің соңғы жағдайын түсіндірді.  Кейбір аймақтарда оптимистік жағдай болғанымен, жалпы эпидемия қаупі артып келе жатқанын айтқан в.ғ.к., […]
November 25, 2020

25 қараша 2020 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Селчук университеті бірлесіп «Абай және түрік әлемі» атты халықаралық панель өткізді.

Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Түрік-Қазақ Университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Селчук университетінің ынтымақтастығымен ұйымдастырылған «Абай және түрік әлемі» атты халықаралық онлайн панель заманауи қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай Құнанбайдың туғанына 175 жыл толуына орай өткізілді. «Абай және түркі әлемі» халықаралық панелінің ашылуына Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшісі Абзал […]
November 26, 2020

2020 жылдың 26 қарашасында Пиза университеті (Италия) Саяси ғылымдар кафедрасының оқытушысы доктор Филиппо Верре «Сирия мен Түркия арасындағы трансшекаралық су мәселелері» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда Филиппо Верре трансшекаралық су ресурстары бойынша халықаралық келіссөздер мен келісімдер барлық жағынан өте күрделі үдеріс екенін мәлімдеді. Аймақта үлкен өзендердің болуына қарамастан, Сирия мен Түркия арасындағы су ресурстарын пайдалану саласындағы шиеленістер 1970-2000 жылдары аралығында бірнеше рет болғанын айтты. […]
December 1, 2020

2020 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы Елшілігі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні » орай панель өткізді.

Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы Елшілігі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» атты панель ұйымдастырып, Қазақстанның әрі бүкіл түркі әлемінің ұлы ақсақалы, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктерін талқылады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу […]
December 1, 2020

2020 жылдың 1 желтоқсанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Анкара университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеулерін қолдану және зерттеу орталығы (APAM) және Түркия Энергетикалық стратегиялар мен саясаттарын зерттеу орталығы (TESPAМ) «Азия-Тынық мұхиты еркін сауда келісімі және жаһандық жүйедегі көпжақты ықпалдары» атты онлайн панель өткізді.

Азия-Тынық мұхиты аймағы соңғы 20-30 жылда қол жеткізген саяси және сауда-экономикалық жетістіктерімен қазіргі кезде әлемдік экономиканың маңызды орталықтарының біріне айналып отыр. Осыған байланысты аймақтың саяси-экономикалық тұрғыдан дамуымен қатар, аймақ елдері арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту, сауда мен инвестицияларды ырықтандыру, сауда және техникалық ынтымақтастық пен іскерлік қатынастарды жеңілдету қажеттілігі туындауда. Біраз уақыттан […]
December 3, 2020

2020 жылдың 3 желтоқсанында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі хатшылығының сарапшысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторлық зерттеуші PhD Айымгүл Керімрай «Энергия тұтыну құрылымы: Қазақстандағы 12.000 тұрғын-үймен жүргізілген зерттеу нәтижелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін сөз сөйлеген PhD Айымгүл Керімрай институтқа осы мүмкіндігі үшін алғыс айтты. Зерттеуші өзінің семинарында тұрғын-үйде тұтынылатын энергия елдің жалпы тұтыну көлемінің 27%-ын құрайтынын және бұл көрсеткіштің соңғы 15 жылда жыл сайын шамамен 6,3%-ға өсіп отырғанын мәлімдеді. Ол бүкілхалықтық зерттеулер […]
December 10, 2020

2020 жылдың 10 желтоқсанында Болу Абант Иззет Байсал университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, PhD Илхан Сагсен «Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігіндегі Шығыс Жерорта теңізінің орны» атты онлайн-семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін, Болу Абант Иззет Байсал университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы PhD Илхан Сагсен Еуропалық Одақтың (ЕО) энергетикалық саясаты, Шығыс Жерорта теңізіндегі энергетикалық қауіпсіздік және оның халықаралық салдары туралы әңгімеледі. Ол ЕО-ның алдымен экономикалық одақ ретінде қалыптасқанын және жылдар ішінде саяси […]
December 15, 2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы Елшілігі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылы және жаңа кезең көкжиектері» атты панель өткізді.

Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы Елшілігі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылы және жаңа кезең көкжиектері» атты онлайн-панель өткізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмер […]
December 17, 2020

2020 жылдың 17 желтоқсанында Батыс Австралия университетінің профессоры, доктор Тим Винтер «Heritage Diplomacy Along the Silk Roads» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін профессор, доктор Тим Винтер өзінің семинарында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Орталық Азиядағы және Таяу Шығыстағы тәжірибелеріне сүйене отырып, Жібек жолының тарихи мұрасы тұрғысынан Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасының мәдени қырларын баяндады. Профессор, доктор Тим Уинтер Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасының мақсаттары […]
December 23, 2020

2020 жылдың 23 желтоқсанында Рицумейкан университеті (Жапония) Халықаралық қатынастар институтының профессоры, доктор Цсомбор Ражкай “Foreign Relations of Early Ming China: Ideology and Pragmatism” тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Рицумейкан университеті (Жапония) Халықаралық қатынастар институтының профессоры, доктор Цсомбор Ражкай, Мин династиясының (1368-1644) халықаралық қатынастарындағы идеологиясы мен прагматизмі туралы ақпарат берді. Профессор, доктор Цсомбор Ражкай ортағасырлық Қытай тарихында маңызды орын алатын Мин династиясының құрылуы мен дамуы туралы айта отырып, […]