Жаңалықтар

November 18, 2022

2022 жылы 18 қарашада Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Көші-қонды зерттеу қорының ғылыми қызметкері, доктор Мехмет Көсе «Diaspora Engagement Policies The Case of Türkiye» тақырыбында семинар өткізді.

Институт директоры, доктор Суат Бейлур өзінің кіріспе сөзінде Көші-қонды зерттеу қорының қызмет салалары мен доктор Мехмет Көсенің қызығушылық танытатын салаларын айта отырып, көші-қон құбылысының жаһандық саясаттағы маңызының артып келе жатқанын тілге тиек етті. Семинарында доктор Мехмет Көсе диаспораның даму барысы туралы қысқаша мәлімет бергеннен кейін алдымен этникалық, ұлт, ұлттық және […]
November 24, 2022

2022 жылы 24 қарашада Түркияның Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар басқармасының (YTB) төрағасы Абдулла Ерен Қазақстанға сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Институтымызға арнайы келген Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар басқармасының делегациясы мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Риза Акынжыға алғысын білдірген институт директоры, доктор Суат Бейлур жалпы институт пен институт қызметі, сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдулла Ерен өз сөзінде Еуразия […]
November 25, 2022

2022 жылы 25 қарашада Анкара университетінің ректоры, профессор, доктор Неждет Үнүвар мен Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдыз Қазақстанға сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Институт директоры, доктор Суат Бейлур, Анкара университетінің ректоры, профессор, доктор Неждет Үнүвар мен Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдызға Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгені үшін алғысын білдіріп, институт және институт жұмыстары туралы ақпарат берді. Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдыз университеттің бұрынғы Өкілетті кеңесінің төрағасы ретінде институттың атқарған жұмыстарынан […]
December 9, 2022

2022 жылдың 9 желтоқсанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткен «Мирзиёев дәуіріндегі Өзбекстандағы әлеуметтік-экономикалық даму» халықаралық конференциясы Өзбекстан Даму стратегиясы орталығының (ДСК) атқарушы директоры Эльдор Туляковтың қатысуымен өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Мұхтар Әвезов атындағы Әдебиет және өнер институтының зерттеушілері мен студенттер де қатысқан конференцияның ашылу сөзін сөйлеген доктор Суат Бейлур терең өркениет тарихы бар Өзбекстанның Орталық Азиядағы маңызды ел екенін, президент Шавкат […]
December 15, 2022

2022 жылдың 15 желтоқсанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» атты панель өтті.

Панель модераторы Институт директоры доктор Суат Бейлур өзінің кіріспе сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты қазақ халқымен бірге күллі түркі халықтарының да құндылықтарын зерттеп, олардың маңызды күндерін атап өтуде әрқашан үлкен жауапкершілікте екенін атап өтті. Бұл панельдің осы ауқымда ұйымдастырылған шара екенін айта келе доктор […]
January 12, 2023

2023 жылдың 12 қаңтарында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек пен ректор, доктор Жанар Темірбекова, ректор өкілі, профессор, доктор Пеями Баттал, ректордың кеңесшісі профессор, доктор Юнус Сөйлет пен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доктор Суат Бейлурдан құралған делегация «Халықаралық бизнес Университетінде (AlmaU)» болды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек төрағалық еткен сапар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен AlmaU арасындағы ықтимал ынтымақтастықтар мен бірлескен жобалар талқыланды. Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек Түркия мен Қазақстан бауырластығының нақты белгісі болған Қожа Ахмет […]
January 13, 2023

2023 жылдың 13 қаңтарында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек пен ректор, доктор Жанар Темірбекова, ректор өкілі, профессор, доктор Пеями Баттал, ректордың кеңесшісі профессор, доктор Юнус Сөйлет пен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доктор Суат Бейлурдан құралған делегация Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде болды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек төрағалық еткен сапар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасындағы ықтимал ынтымақтастықтар мен бірлескен жобалар талқыланды. Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек Түркия мен Қазақстан бауырластығының нақты […]
January 14, 2023

2023 жылдың 14 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп “Түркология ғылымындағы «Түрік әдебиеті атауларының сөздігі» кітабының тұсаукесері және конференциясы” Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшектің қатысуымен өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, профессор, доктор Жансейіт Түймебаев түркология саласында жүргізіліп жатқан зерттеулерде жаңашыл көзқарастың маңызды екенін айтып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесі дайындаған «Түрік әдебиеті атауларының сөздігінің» осы бағытта құнды әрі еңбек екенін екенін атап өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тиісті бөлімдерімен […]
September 8, 2023

The seminar on “From the Idea of Central Asia to Central Asian Studies in Europe” was held with the presentation of Dr. Francesca Fiaschetti, Chair of “Mongolia Cluster” of the University of Vienna.

September 16, 2023

Kazakistan programları çerçevesinde Enstitümüzü ziyaret eden Ankara Sosyal Bilimler Üniversitesi Rektörü ve Türkiye Yazarlar Birliği Genel Başkanı Sn. Prof. Dr. Musa Kazım Arıcan, “Gelenek ve Modernlik Arasında Türk Gençliği ve Geleceği” adlı bir seminer verdi.