Жаңалықтар

January 27, 2022

2022 жылы 27 қаңтарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жандос Құдайбергенов «Арал теңізі экологиясының Арал өңіріне әсері және мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтайдың кіріспе сөзінен кейін баяндамасын бастаған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жандос Құдайбергенов алдымен Арал теңізінің құрғау алдындағы жай-күйіне тоқталып, Арал теңізінің экологиялық мәселесін басндады. Жандос Құдайбергенов Кіші Арал мен Үлкен Аралдың ара-жігін ажыратып, Үлкен Арал  қараусыз қалғандықтан бірте-бірте тартылып бара жатқанын атап өтті. […]
March 3, 2022

2022 жылдың 3 наурызында Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі Әлеуметтану және антропология факультетінің ассистент профессоры, доцент, доктор Ұлан Биғожин «Спорт және бірегейлік құрылым» атты онлайн семинар өткізді.

Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі Әлеуметтану және антропология факультетінің ассистент профессоры, доцент, доктор Ұлан Биғожин өз семинарында Қазақстандағы этноспорттың дамуы мен көкпар ойыны туралы ақпарат берді. Қазіргі әлемдегі танымал және бұқаралық спорт тек спорт қана емес, сонымен қатар бизнесті, БАҚ-ты, жарнаманы және бірегейлікті қалыптастырудың өте маңызды факторы екенін […]
March 17, 2022

2022 жылдың 17 наурызында Кембридж университеті Даму зерттеу орталығының PhD докторанты Тина Шиватчева «Болгарияның постсоциалистік даму жолы: ғылымға негізделген өндіріске мән беру» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Тина Шиватчева өз семинарында негізінен Болгарияның Кеңес Одағынан кейінгі инновациялық дамуы туралы ақпарат берді. Болгария мен Қазақстанның инновация саласындағы ұқсастықтарына тоқталған Тина Щивачева ең алдымен  екі ел де коммунистік режим кезінде даму моделі ұқсас болғанын атап өтіп,  қазіргі жағдайда екі елде де дамудың жаңа үлгісін жасауға ұмтылыс бар екенін тілге […]
March 24, 2022

2022 жылдың 24 наурызында Моңғолия Ғылым академиясы (МАҒА) Халықаралық қатынастар институты Аймақтану бөлімінің ғылыми қызметкері Амангүл Шұғатай «Моңғолияның 1991-2020 жылдардағы халықаралық көші-қон мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Амангүл Шұғатай өз сөзінде халықаралық көші-қон бүгінгі таңда маңызды рөл атқаратын құбылыс екенін атап өтіп, Моңғолияның 1991-2020 жылдар аралығындағы көші-қон динамикасына тоқталды. Бүгінгі таңда дүние жүзі халқының 3,5 пайызы, яғни 272 миллион адам туған елінен тыс жерде тұратынын айтқан Амангүл Шұғатай бұған қарамастан Моңғолия ұзақ уақыт бойы жаһандық көші-қон үдерістерінен […]
April 7, 2022

2022 жылы 7 сәуірде Хитит университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак «Онлайн радикалдану және терроризм» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Хитит университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық технологиялардың дамуымен бірге пайда болған онлайн радикализм, террор және терроризм ұғымдары туралы ақпарат берді. Кибертерроризмнің киберқауіпсіздіктің жетіспейтін аспектісі екеніне баса назар аударған доцент, доктор […]
April 14, 2022

2022 жылы 14 сәуірде Өзбекстан Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының ғылыми қызметкері, доктор Бахтиор Есчанов «Энергияға көшудегі халықаралық ынтымақтастықтың рөлі: Өзбекстаннан мысалдар» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін доктор Бахтиор Есчанов сөзін Орталық Азия елдері соңғы бірнеше жылда таза жаңартылатын энергияға көшу үдерісіне белсенді түрде қатысып жатқанын айтудан бастады. Семинарда доктор Бахтиор Есчанов бұл елдердің үкіметтері БҰҰ тұжырымдаған тұрақты даму мақсаттарына сәйкес міндеттеме алғанын айтып, Өзбекстан мен […]
April 19, 2022

2022 жылы 19 сәуірде тәуелсіз зерттеуші доктор Пэт Уолш «Геосаясат және Османлы империясының жойылуы / Түркия республикасының құрылуы» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Доктор Пэт Уолш Осман империясының соңғы кезеңдеріндегі жаһандық және аймақтық геосаяси оқиғаларға тоқталып, Түркия республикасының құрылуы туралы әңгіме өрбітті. Британ империясының рөлі туралы айта отырып, доктор Пэт Уолш Ұлыбританияның Ресейге қарсы Осман империясының жағында болғанын, алайда 1890 жылдары Ұлыбританияның Осман империясына деген қызығушылығын жоғалтқанын, керісінше немістер Осман империясына назар аудара […]
April 28, 2022

2022 жылдың 28 сәуірінде Назарбаев қорынан доктор Арай Ильясова-Шонфельд «Саясатты тасымалдау қабілеті және жеке тұлғалардың рөлі: Қазақстан мысалы» атты онлайн семинар өткізді.

Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуы жайында өзінің зерттеулері туралы баяндама жасаған доктор Арай Ильясова-Шонфельд Қазақстанның Болон үдерісіне қатысқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет екенін және бұл мүшелік ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен келіссөздердің нәтижесі болғанын тілге тиек етті. Доктор Арай Ильясова-Шонфельд ұзақ жылдар бойы КСРО-ның басқаруында болған Қазақстанның білім беру саласындағы мәселелерінің тереңде […]
May 11, 2022

2022 жылдың 11 мамырында Уфук университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі профессор, доктор Жем Карадели «Украинадағы соғыстан кейінгі еуропалық қауіпсіздік» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтайдың кіріспе сөзінен кейін сөз алған профессор, доктор Жем Карадели Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа өз қауіпсіздігі үшін негізінен XX ғасырдың ортасынан бері айтарлықтай кеңейіп келе жатқан НАТО-ға (Солтүстік атлантикалық шарт ұйымы) қарыздар екенін және Ресейдің 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға басып кіргенін атап […]
May 19, 2022

2022 жылғы 19 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын еске алуға арналған Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы жөнінде конференция өткізді.

2022 жылдың 19 мамырында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркия Республикасы Анкара губернаторы Васип Шахиннің сапары аясында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілеттік кеңес төрағасы профессор, доктор Мухиттин Шімшек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры профессор, доктор […]